Дәрігердің кеңесінен кейін...
Дәрігердің кеңесінен кейін...

    Шын мұсылман намазды Алланың разылығы үшін оқиды. Дегенмен, намаз сондай құлшылық, адам одан рухани азықпен қоса денсаулығына пайдалы нәрселерді де ала алады. Мәселен, көз  дәрігерлері емделушілеріне "Көзіңізге жиі жаттығу жасаңыз. Оңға-солға, астыға-үстіге және бір  нүктеге ұзақ қарап тұру арқылы. Осылай күніне бірнеше рет қайталаңыз", деп жатқандарын естіп  жатамыз.

    Осы жаттығуларды мұсылмандар намаз арқылы күніне 5 рет жасап отырады. Намазда екі жаққа  сәлем беру арқылы оңға-солға қараса, сәждеге бас қойғанда мұрнына қарау үшін төменге, дұға  жасағанда көзін жоғары қаратады. Ал, қиямда сәжде жасайтын жерге ұзақ қарап тұрады. Осылайша мұсылман жан дүниесімен қоса, тәнін де сау қалпында сақтай алады. 

 

 

намаз, Мұсылман, көз
Қанат СапарғалиҚанат Сапарғали
10 жыл бұрын 3145
0 пікір
Блог туралы