Сіз - патшасыз, бірақ...
Сіз - патшасыз, бірақ...

     

    Мен сізге Иран шахы Кисра, Византия императоры Геракл және Мысыр патшасы Фараоннан жақсырақ өмір сүріп жатырсыз десем сенбейсіз. Бірақ, бұл ақиқат. Себебі, Фараон ие болған ең жақсы көлік ат арба еді. Ал, сіздің жеке көлігіңіз бола тұра, жүрдек пойызға немесе ұшақтың бір орнына тапсырыс бере алатын мүмкіндігіңіз бар. Иран императоры сарайын май шаммен жарықтандыратын болса, сіз үйіңізді электр шамымен жарықтандырып жүрсіз. Византия императоры қолданатын суын, қызметкерлерінің месі-құмыраларымен су тасытушы  еді, ал сіз үйіңіздің ішіне дейін тартылған суды еркін пайдаланудасыз. Император Вильгельмнің көңіл көтеретін сайқы-мазақтары бар еді, ал сіз көгілдір теледидардан мыңдаған сайқы-мазақтарды тамашалап, көңіл көтересіз. Людовик 14-нің француз асханасының ең дәмді тағамдарын дайындап беретін жалғыз шебер аспазы бар еді. Сіз отырған үйдің төменгі қабатында қытай, неміс және жапон асханаларындағы қайнатылған немесе қуырылған ет тағамдары, түрлі тұздық пен дәмдеуіштер және сан алуан тәттілер сатылатын дүкендер бар. Тамыздың тамылжыған ыстығын төмендету үшін құлдар халифаның түйеқұс қанатынан дайындалған желпуішті пайдаланатын еді. Сіздің үйіңізде бір ғана түймесіне қолыңыз тиісімен үйіңіздегі ауаны балғын салқындыққа айналдыратын желдеткіш бар. Сіз – ПАТШАСЫЗ! Өмір сүріп өткен барша императорлар өз өмірлерін сіздердікімен салыстырса, жай ғана қарапайым адамша өмір сүргендей болып қалады. БІРАҚ! Біз – ақымақ Патшалармыз. Сол үшін де шығар қаншама нығметтердің арасында жүзіп жүрсек те, БАҚЫТСЫЗБЫЗ! Бір көлігі болған адам, басқа 2 көлігі бар адамға іштей қызғаншақтық жасайды. Ал, 2 көлігі болған адам көршісінің джипі бар болғандықтан ішінен жарыла жаздайды. Джипі бары болса, басқасына өлердей қызғаныштан өкіреді. Өйткені, басқасының мейрамханалары бар. Сұлу жары бар еркектің көзі көршісінің әйелінде. Соңында, біреудің мал мүлкін қызғанышпен ұрласақ, енді біреулер бір-бірін өлтіруде. Осындай рахат өмір сүрсек те атом бомбасын жарудамыз. Өз үйімізге өз қолымызбен от қоюдамыз. Кейін әділетті өмір жоқ деп шырылдаймыз. Студенттер оқу орнын, жұмысшылар жұмыс орнын қиратуда. Болып өткен талай соғыстарға өкініп сабақ алудың орнына, бар ойымыз мансап, махаббат пен билікті қолдан шығарып алмауда ғана. Осының барлығы бізді қаншама күнәлі істерге итермелеуде. Адамзат үшін қаншама қолайлы мүмкіндіктер жаратылса да, адамдар сонда да дүниеге табына береді. Себебі, әрбір адам өз қолындағысына емес, өзге біреудің қолына қарауда. Олар жеке мүліктерін ешқашан тең бөлісе алмайды. Жалақыңыз екі есеге өссе, үш есе көбейген адамға қарайсыз да, саныңызды ұрасыз. Өзіңізді баса алмайсыз және көре алмаушылығыңыздан шыдай алмай қиянат жасайсыз.

Біз патшаларша шалқып өмір сүрудеміз. Бұл рас. Бірақ, жартқыш хайуандарша ойлаудамыз. Сырт кейпіміз мәдениетті болып көрінгенімен, шынайы мәдениеттен жырақтамыз. Адамның өмір сүру мүмкіншіліктері жақсарды, алайда, махаббаты мен мейірімділігі артта қалды. Сіз ПАТШАСЫЗ, бірақ, ПАШАЛАРДЫҢ арасындағы сормаңдайысыз. Аз ғана ойлап көріңіз және уақыт өткізбей ақыл-есіңізді жиып алыңыз. Үстімізден жауған Алланың сансыз нығметтерін білейік және олар үшін Аллаға сансыз шүкіршілктер мен мақтаулар айтайық.

 

Авторы: Абу Абдулла

Аударған: Қанат Сапарғали

Қанат СапарғалиҚанат Сапарғали
2 года назад 595
1 комментарий
  • Бүгін таңертеңнен басыма "Теңіздегі балық су қадірін білер ме екен?" деген ой келіп, бұл ойды қай орынға жазсам деп отыр едім. Міне мына мақаланың пікірі екен ғой!
    2 года назад